Т.Қарағойшин: Қазақстан аумағының 45 пайызында жер сілкіну қаупі бар

385

Жаңа құрылыс кодексінің жобасына "Сейсмикалық аймақтардағы жобалау және құрылыс ерекшеліктері" тарауы енгізілмек.  

Т.Қарағойшин: Қазақстан аумағының 45 пайызында жер сілкіну қаупі бар Фото: gov.kz

Бүгін Парламент Мәжілісінде аталған құжат жобасын таныстыру кезінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин осылай мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Біздің еліміз үшін сейсмикалық аймақтардағы жобалау және құрылыс нормалары өте маңызды. Өйткені кейінгі жылдардағы зерттеу нәтижелері бойынша аумақтың шамамен 45 пайызы сейсмикалық қауіпті аймақтарға жатқызылған", - деді Т.Қарағойшин.

Оның айтуынша, нысандардың сапасын арттыру үшін құрылыс компанияларының сейсмикалық оқшаулағыш жүйелерді қолдануы, сейсмикалық қауіптілікті алдын ала бағалауды жүргізу, құрылыс алаңын таңдау, сынақтар жүргізу бойынша және басқа да кешенді шаралар қабылдау жоспарланған. Сондай-ақ сейсмикалық қауіптілікті және сейсмикалық тәуекелді бағалауға қатысты тиісті реттеудің жаңа институттары енгізіліп жатыр.

Кодекс жобасында нысанның ескіруін анықтауға, конструкциялардың сапасын тексеруге, объектіні тозған деп тануға, қайта жаңарту мүмкіндігіне бағытталған қолданыстағы объектілерді паспорттау жөніндегі нормалар көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу