Т. Құлыбаев пен Қ. Боранбаев заманауи жедел жәрдем көлігін сыйға тартты

1290

Алматы әкімдігінің сұранысы бойынша  8 темір тұлпар мобильді орталық ретінде ауруханаларға берілген.  

Т. Құлыбаев пен Қ. Боранбаев заманауи жедел жәрдем көлігін сыйға тартты

Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев КОВИД-19-бен күресуге заманауи жедел жәрдем көліктерін сыйға тартты, деп хабарлайды Atameken Business.   

 "Форд Транзит" негізіндегі  көліктер соңғы үлгідегі медициналық техникамен жабдықталған. Онда электро-кардиограф, өкпені жасанды желдету аппараты,  оттегі ингаляторы және тағы маңызды құрылғылар орнатылған. Дәрігерлер мұнда жедел түрде экспрес сынамалар өткізе алады.

Сондай-ақ, шалғай аудандардағы жағдайы ауыр науқастарды жылдам тасымалдауға мүмкіндік береді. Жылжымалы мобильдік орталықта дәрі-дәрмектер мен 2000 литрлік залалсыздандыру заттары бар. Көлік жүргізуші мен дәрігерлер толықтай қорғаныс құралдарымен жабдықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу