Оның ішінде, Шығыс Қазақстан облысындағы бұрынғы Семей полигоны аумағы, Түркістан облысындағы МАЭС, Жамбыл облысының Үлкен кенті және Алматы облысында Балқаш көлі маңы бар.
Десе де, Атом электр станциясы, әсіресе, еліміздің оңтүстік өңіріне қажет, дейді сарапшылар. Бұл туралы Интерфакс агенттігіне берген сұхбатында "Қазақстанның атом электр станциялары" компаниясының бас директоры Тимур Жантикин мәлімдеді.
Аталған аудандардың ішінде екі өңірдің мүмкіндігі басым. Алайда базалық электр қуатының болжамды тапшылығына байланысты, еліміздің оңтүстігінде Атом электр станциясын салу орынды, дейді маман.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу