Табиғат қорғау заңнамасын сақтау саласындағы бұзушылықтар анықталды

460

Жергілікті атқарушы органдар заңсыз жұмыс істейтін ҚТҚ полигондарын заңдастыру бойынша жұмыс жүргізуде. 

Табиғат қорғау заңнамасын сақтау саласындағы бұзушылықтар анықталды Фото: Егемен Қазақстан

Жетісу облысының прокуратурасы Табиғат қорғау заңнамасы саласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жұмыс істеуі бойынша талдау жүргізді.

Облыстың кейбір аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары құқық белгілейтін құжаттарсыз жұмыс істейтіні анықталды.

Мысалы Алакөл ауданында 23 ауылдық округте (56 елді мекен) 33 ҚТҚ полигоны бар, алайда оның ішінде тек Достық округындағы "Шыңдәлі" полигонында құқық белгілейтін құжат бар.

Осыған ұқсас фактілер Сарқан (9 факт), Көксу (7 факт) және Ескелді (1 факт) аудандарында анықталды.

Жоғарыда аталған барлық бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

Қазіргі уақытта актілерді қарау нәтижелері бойынша үш ауыл әкіміне 300 АЕК-тен астам сомаға айыппұл тағайындалды және бір аудан әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу