Табиғатқа зиян келтіргені үшін "Қазмырыш" компаниясына 4 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

1553

Табиғатқа зиян келтіргені үшін "Қазмырыш" компаниясына 4 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы тау-кен фабрикасы табиғатқа зиян келтіргені үшін 4 миллиард 56 миллион теңге айыппұл төлеуі тиіс болатын. Бұл туралы khabar.kz хабарлайды.

Алайда кәсіпорын соттың бұл шешімімен келіспей, шығын мөлшерін нақты анықтау үшін қайтадан экологиялық сараптама жасауды сұрайды. Табиғат қорғау прокуратурасы мен экологтар қоршаған ортаға металлургиялық компания орасан зор зиян келтірді деп есептейді.  Сондай-ақ өңірде заңсыз балық аулайтындардың қатары азаймай отырғанын айтады. Тек құқық қорғау органдары арнайы рейд кезінде браконьерлерден 100 тоннадан астам балық тәркілеген. 

Биыл 22 мамырда кен қалдықтарын сақтайын орындағы коллектр жарылып, өндірістегі шайынды су бірнеше өзенге құйылған. Осының салдарынан Риддердегі 40 мыңға жуық тұрғын бірнеше күн ауыз сусыз қалды.  Ал аймақтық "Қазгидромет" мамандары өзен және жерасты суларында химиялық элементтердің бірден көбейгенін анықтаған. Құрамында ауыр металдар бар өзен суы 25 шақырымға жеткен.  Кен орнында болған апатқа қатысты облыстық табиғат қорғау прокуратурасы бірнеше әкімшілік іс қозғаған. Тергеу нәтижесі бойынша кен байыту комбинатының табиғатқа ірі көлемде зиян келтірілгені анықталған.  "Қазмырыш" компаниясына сот алғашқы отырыста-ақ ірі мөлшерде айыппұл салды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу