Табиғи газ бен ауыз су тек әкімдер үшін беріле ме?

407

Маңғыстау облысында тек әкімдер келгенде іске қосылатын құбыр бар. Олай деуге, Сайын Шапағатов ауылындағы жағдай себеп.

Табиғи газ бен ауыз су тек әкімдер үшін беріле ме? Фото: Ашық дереккөзден

2020 жылы ауылға табиғи газ бен ауыз су берілді деп сүйіншілеген еді. Алайда, 1 сағатқа созылған салтанатты шара аяқталған соң, елді-мекенге берілген ауыз су артынша тоқтатылған. Содан бері үш жыл өтсе де, жағдай бірқалыпты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ал ашынған тұрғындар сабыр сақтаймыз деп әбден сарқылған. Сонымен ауылға ауызсу беріле ме?

Әзірге ел қажеттілігіне тартылған жерасты құбырдың жәй-күйі белгісіз. Оған қанша қаражат жұмсалғанын да анықтай алмадық. Өйткені, жауаптылар еш ақпарат бермеді. Ал судың жоқтығын жеке серіктестік шешеді. Сайын Шапағатов ауылында жыл басында іске қосылған шағын су тұщыту станциясы алдағы айдың соңына дейін проблеманы жоятынын жеткізді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу