Табиғи газ қазақстандықтар үшін қолжетімді – finprom.kz

515

Қазақстан табиғи газға қолжетімді елдер рейтингінде топ бастады. Рейтингте 32 елдің деректері негізге алынған.

Табиғи газ қазақстандықтар үшін қолжетімді – finprom.kz

"РИА Рейтинг" мәліметіне сәйкес, газға ең төмен тарифтер Қазақстанда тіркелген (1000 текше метр газ үшін 58,5 доллар). Одан кейінгі орында Ресей (96,2 доллар) орналасқан. Үштікке Беларусь (138,7 доллар) кіреді, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Еуропада ең қымбат газды Швеция тұрғындары сатып алады (1000 текше метр үшін 1973,8 доллар). 

Одан кейінгі орындарда Дания (1363,4 доллар) және Нидерланды (1191,5 доллар АҚШ) елдері бар.

Осы тұста көгілдір отын қаржылық тұрғыдан қолжетімді ме деген заңды сұрақ туындайды. Себебі мұнда газ тарифтерінің жалақыға қатынасы маңызды.

Еліміз бұл көрсеткіш бойынша да көш бастап тұр. Мұнда орташа жалақыға 8,6 мың текше метр табиғи газ сатып алуға болады.

Үздік үштікке Ресей (орташа жалақыға 7,5 мың текше метр газ) мен Ұлыбритания (6,3 мың текше метр газ) кіреді.

Бұл көрсеткіш бойынша антилидерлер – Молдова, Болгария және Грекия.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу