Маңғыстауда "Reach Energy" малазиялық компаниясымен бірге табиғи газды сұйылтатын зауыт құрылысын бастады, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
Хабарда айтылғандай, Малайзия компаниясы 2017 жылдың аяғына дейін 50 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін зауыт құрылысына $70 млн инвестициялауға ниетті.
"Биыл 12 шілдеде (...) біз Reach Energy мұнайгаз компаниясымен бірқатар инвестициялық бағыттар бойынша меморандум жасадық. Меморандумға сәйкес Reach Energy өңірдің басым салаларын инвестициялауға Малайзия компанияларын тартуға қолдау көрсететін болады. Осы басты салалар арасында мұнай-газдан басқа инфрақұрылым және құрылыс жобалары, электроэнергетика, сумен жабдықтау және туризм де бар", - дейді Ералы Тоғжанов.
Бұл ретте өңір басшысы атап өткендей, делдал рөлін атқарып отырған малазиялық компания осы салаларға алдағы 10 жылда 500 млн доллар сомадан 1 млрд долларға дейін қаржы инвестициялауға міндеттенеді.