Табиғи газбен жүретін халықаралық автокеруен Қазақстанға жетті

790

Бүгінгі таңда автокеруен Қытай аумағы бойынша оңтүстік-шығыс жағалауы (Жудун қ.) арқылы 3 000 шақырым жол жүріп келді.

Табиғи газбен жүретін халықаралық автокеруен Қазақстанға жетті

"Ұлы дала қуаты" атты халықаралық автотехникалар шеруіне қатысушылар "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы орталығына келіп жетті, деп хабарлайды egemen.kz.

Бұл табиғи газбен жүретін техникалардың ең ұзақ автошеруі. Оның ұйымдастырушылары Қазақстанның, Қытай мен Ресейдің ірі энергетикалық компаниялары – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "СNPC" және "Газпром" ААҚ.

Жалпы алғанда, маршруттың ұзындығы 9 881 км құрайды. Оның айтарлықтай бөлігі Қазақстан Республикасының аумағы арқылы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жаңа халықаралық көлік дәлізі арқылы өтеді. Бүгінгі таңда автокеруен Қытай аумағы бойынша оңтүстік-шығыс жағалауы (Жудун қ.) арқылы 3 000 шақырым жол жүріп келді. Бұдан әрі маршрут Қазақстан, Ресей аумағымен Алматы, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Арал, Ақтөбе (Қазақстан) және одан әрі Ресей (Оренбург, Альметьевск, Қазан, Нижний Новгород, Владимир, Торжок және Санкт-Петербург) қалалары арқылы өтеді. Автошерудің қазақстандық бөлігінде көліктерге газ құюды "ҚазТрансГаз" АҚ – Ұлттық газ операторы қамтамасыз ететін болады.

Автошеруге қатысушылардың мәреге жететін күні VIII Петербург халықаралық газ форумын ашу аясында Санкт-Петербург қаласында 4 қазанда жоспарланып отыр. Автошеру қатысушыларын Қазақстан жерінде қарсы алған "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС бас директоры Арман Қасенов, шараның үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

"Біздің елдер үшін компримирленген және сұйытылған газ нарығын дамыту саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор" - деп атап өтті Арман Қасенов. – Осы автошеру газмоторлы отын түрінің әлдеқайда тиімді екенін, оның артықшылықтарын паш ететін болады. Бүгінде Қазақстанда көптеген қалалардың әкімдігі муниципалды автокөліктерді осы отынға ауыстыруға күш салып отыр. Ал осы автошеру сапында келе жатқан автобустар жуық арада өз елімізде өндіріле бастамақшы".

Автошеру колоннасы сұйытылған және компримирленген (сығымдалған) табиғи газбен жүретін 17 жүк таситын және жеңіл автомобиль мен автобустардан тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу