Табиғи газбен жүретін көліктер шеруі үш елді басып өтеді

1123

Автошеру Қытай, Қазақстан және Ресей аумағымен жүреді.

 Табиғи газбен жүретін көліктер шеруі үш елді басып өтеді

Қытайдың шығысында орналасқан Жудун қаласында "Моторға газ" атты табиғи газбен жүретін техниканың ең ұзақ халықаралық автошеруі басталды, деп хабарлайды "ҚазТрансГаз"-дің баспасөз қызметі.

Іс-шара Қытайдың, Қазақстан мен Ресейдің ірі энергетикалық компаниялары– "СNPC", "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "Газпром" ААҚ-ның қатысуымен ұйымдастырылды.  

Бұл, газды-моторлы отынмен жүретін көліктердің тарихындағы ең үлкен жарыс, ұзындығы 9 881 шақырымды құрайды. Бұған қоса оның елеулі бөлігі "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жаңа халықаралық көлік дәлізі бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтеді. Қытай, Қазақстан және Ресей аумағындағы автошеру бағыты: Жудун, Суцянь, Чжэнчжоу, Сиань, Динси, Увэй, Цзяюйгуань, Хами, Тұрфан, Усу, Қорғас (Қытай), Алматы, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Арал, Ақтобе (Қазақстан), Орынбор, Альметьевск, Қазан, Нижний Новгород, Владимир, Торжок және Санкт-Петербург (Ресей) қалалары арқылы өтеді.

Жарыстың қазақстандық бөлігінде көліктерге газ толтыруды ұлттық газ операторы "ҚазТрансГаз" АҚ қамтамасыз ететін болады. Жарысқа қатысушылар 4 қазанда VIII Петербург халықаралық газ форумының ашылуы шеңберінде Санкт-Петербург қаласында мәреге жетуді жоспарлады.  

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген "ҚазТрансГаз" АҚ бас директоры Рустам Сулейманов, осы автошеруді өткізу табиғи газды экологиялық таза және үнемді моторлық отын ретінде пайдалануды насихаттау үшін шынайы мүмкіндік екендігін айтты.

"Қазір Қазақстанда көліктік секторды жаңғырту және оны дизельді отыннан табиғи газға ауыстыру мәселесі пысықталуда" - деді Рустам Сулейманов. -  2022 жылға көліктік сектордың табиғи газды тұтынуын он есеге ұлғайту болжанып отыр. Бұл үшін автоматты және криогенді газ толтыру станциялары желілерін кеңейту жобалары іске асырылатын болады. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу зиянды шығарындылардың азайюына, жұмыс орындарының ұлғаюына және отын шығындауды орасан үнемдеуге елеулі әсер етеді".

Автожарыс колоннасы сұйытылған және сығымдалған табиғи газбен жұмыс істейтін 17 жүк және жеңіл автомобильдер мен автобустардан тұрады. "ҚазТрансГаз" АҚ осы іс-шара шеңберінде "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тарнсконтинентальдық көлік бағытының қазақстандық учаскесінде перспективалы газ толтыру инфрақұрылымының локациясын айқындау міндетін қойып отыр. Бұдан бөлек, автожарыс табиғи газды дәстүрлі отын түрлері арасында моторлы отын ретінде пайдалану артықшылығын көрсетуді көздейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу