Табиғи монополияларды реттеу департаментінің заңнаманы бұзғаны анықталды

448

Салдарынан өңірде  тауарлық газды өткізу тарифі 1 текше метр үшін 37,5 теңгеге қымбаттап кеткен. 

Табиғи монополияларды реттеу департаментінің заңнаманы бұзғаны анықталды Фото: google

Алматы облысының табиғи монополияларды реттеу департаменті монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны анықталды.  Бұл заңсыздықты жергілікті тұрғындардың шағымынан кейін арнайы сараптама жүргізген прокурорлар анықтады. Енді департаменттің тарифті көтеру туралы бұйрығының күші жойылды. 

Ал, тұрғындар осы жылдың 1-сәуірінен бастап қосылған құн салығын қоса есептегенде, бір текше метр газ үшін 28,95 теңгеден төлейтін болады.  Осылайша Алматы облысының прокуратурасы 9 918 тұтынушының құқығын қорғап, қалпына келтірді.  Ал, газбен жабдықтайтын "Сигма-ГАЗ" компаниясына 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу