Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

863

ҚР ҰЭМ ТМРК Төрағасының орынбасары қызметіне Президенттік жастар кадр резервінен тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Тимур Ернатұлы Қосымбаев 1989 жылы дүниеге келген.

2011 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын (КИМЭП) "Қаржы" мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Лестер (Ұлыбритания) университетінде білім алған. Бухгалтерлік есеп және қаржы магистрі.

2011 жылдан бастап 2019 жылдар аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі қызметтер атқарды.

2019 жылдың қазанынан бастап осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасы Президенті істерінің басқармасында Қаржы-экономикалық бөлімнің бюджеттік қаржыландыру секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2019 жылы Президенттік жастар кадр резервіне алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу