Табиғи өртке қарсы дайындық шаралары талапқа сай болмай тұр – Ә.Смайылов

548

Кейбір өңірлерде күрделі жағдай қалыптасып отыр.

Табиғи өртке қарсы дайындық шаралары талапқа сай болмай тұр – Ә.Смайылов Фото: ҚР ТЖМ

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

"Қазгидрометтің болжамы бойынша биылғы жаз мезгілі жылдағыдан ыстық әрі құрғақ болады деп күтілуде. Әсіресе, еліміздің батысы мен шығысында және оңтүстігінде өрт қаупі күшеюі мүмкін", - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр төтенше жағдайлардың алдын-алуға баса көңіл бөліну керек екенін жеткізді.

"Қазірдің өзінде кейбір өңірлерде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Өткен аптада Қазақстанның солтүстігінде және Ресейдің шекаралас аймақтарында болған өрттің түтіні елордаға дейін жетті. Ал, табиғи өрттерге қарсы дайындық шаралары талапқа сай болмай тұр. Біз мұның қайғылы жағдайларға әкеліп соғатынын көріп отырмыз. Мәселен, өткен аптада ғана Іле-Алатау ұлттық паркінде болған өртті сөндіру кезінде сержант Арслан Құрманбеков қаза тапты", - деді ол Үкімет отырысында.

Әлихан Смайылов қайтыс болған Арслан Құрманбековтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ол ТЖМ мен Алматы қаласының әкімдігі қаза тапқан сержанттың отбасына көмек көрсетуі қажет екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу