Табиғи резерват аумағында қамыс өрті оқшауланды

165

Қызыл жалынның жалпы ауданы 805 гектарды құраған.  

Табиғи резерват аумағында қамыс өрті оқшауланды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Атырау облысындағы өртті сөндіру "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 су төгу құрылғысы бар тікұшақпен жүзеге асырылды. Жалпы көлемі 100 тонна су төгілді, деп жазады inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін Атырау қаласының Еркінқала ауылынан 15 шақырым жерде "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өсімдіктерінің жануы толықтай оқшауланды. Жауаптылар тілсіз жаудан елді мекендер зардап шекпегенін айтады.

Өртті өшіруге 100-ден астам қызметкер және 25 техника мен бір тікұшақ жұмылдырылды. МИ-8 тікұшағы 33 рет әуеге көтеріліп, 100 тоннаға жуық су шашқан. Әзірге тілсіз жаудың неден шыққаны туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, резерваттағы қамыс жыл басталғалы үшінші рет отқа оранды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу