Табиғи саябақта болған өрттің шығыны 95 млн теңгеден асты
14 Тамыз 2019 09:18 414

14 Тамыз 2019 09:18 414
Бір ай бұрын Павлодар облысындағы Баянауыл табиғи саябағында болған өрттің шығыны 95 миллион теңгеден асқан. Бұл жайында облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлады.
Тілсіз жау жалмаған жердің жалпы көлемі 71,1 гектарды құрады. Сонын ішінде 55,8 гектары орман алқабы. Ұлттық табиғи саябақтағы өрттің себебін инспекторлар анықтай алмаған.
Естеріңізге сала кетсек, Баянауылдағы апат 14 шілдеде басталған еді. Өрт сөндірушілер оны тек қана 13 күннен кейін ғана сөндіре алған. Жалынды ауыздықтау үшін Баянауыл, Қалқаман, Екібастұз және Майқайыңнан көмек келген. Сондай-ақ Өскемен мен Көкшетаудан тікұшақтар жұмылдырылған еді.
16.05.2019 05:11
14.08.2019 13:25
25.01.2019 17:23
04.02.2019 16:51
05.04.2019 07:50