"Таблиғи жамағат" діни ағымындағы азамат педофил деген күдікке ілінді

720

Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Таблиғи жамағат" діни ағымындағы азамат педофил деген күдікке ілінді

ІІМ, Алматы қаласы және Қарағанды ​​облысы бойынша ПД және ҰҚКД қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде 15 тамызда кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен, республикалық іздеуде жүрген, "Таблиғи жамағат" діни-экстремистік ұйымын ұстанушы – Теміртау қаласының тұрғыны, 51 жастағы А. есімді азамат ұсталды.

Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген. Әрі қарай қылмыстық қудалау үшін А. есімді азамат Қарағанды ​​облысының уәкілетті органдарына берілетін болады.

Фото: msba.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу