Табризде Иран президентімен қоштасу рәсімі өтті

268

20 мамырға қараған түні тікұшақ апатынан қаза тапты.

Табризде Иран президентімен қоштасу рәсімі өтті Фото: IRNA

Тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрахим Раисимен қоштасу рәсімі Иранның Табриз қаласында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі IRNA-қа сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Иранның сегізінші президенті Ибрахим Раиси 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні тікұшақ апатынан қаза тапты.

Сондай-ақ, апатқа ұшыраған ұшақ бортында Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Иранның рухани жетекшісінің Шығыс Әзербайжандағы өкілі, Тебриздегі жұма намазының имамы Сейед Мұхаммад Әли әл-Хашеми және Шығыс Әзербайжандағы Иран провинциясының губернаторы Малик Рахмети болды.

Барлық жолаушылармен қоса тікұшақ экипажы түгел қаза тапты.

20 мамырда Иранның рухани жетекшісі Аятолла Сейед Әли Хаменеи президент Ибрахим Раиси мен оның қасындағылардың шәһид болуына байланысты бес күндік аза тұту жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу