Табыс салығынан басқа салықтар мөлшері жоғарылады

968

Табыс салығынан басқа салықтар мөлшері жоғарылады

ҚазМұнайГаз-да табыс салығынан басқа салықтар 2017 жылдың алғашқы алты айында 127 млрд теңген (398 млн АҚШ доллары) құрады, бұл ренталық салық, экспорттық кеден бажы (ЭКБ), пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС) және Брент маркалы мұнайдың бағасымен байланысты өзге де салықтар бойынша шығындардың артуы нәтижесінде 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60%-ға жоғары, деп хабарлайды  "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ.

2017 жылдың алғашқы алты айында ренталық салық бойынша шығындар экспорттық сатылымдардың тоннасына орта есеппен 10 828 теңгені құрады, ал 2016 жылдың сәйкес кезеңінде экспорттық сатылымдардың тоннасына орта есеппен 3 913 теңге болды.

2017 жылы Компания ӨМГ кен орындары үшін ПҚӨС мөлшерлемесін 13% көлемінде қолданады, алайда 2016 жылдың қыркүйек айында ПҚӨС мөлшерлемесі барлық 2016 жылға 9% деңгейінде белгіленген болатын, өйткені ӨМГ 2016 жылы салықтық есеп бойынша залалды танып, Үкіметтің қаулысы негізінде төмендету алды.

ЭКБ өсімі негізінен компанияның 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнайдың дербес процессингі схемасына өтуі нәтижесінде шикі мұнай экспорты көлемінің, Бренттің орташа бағасының және мұнай өнімдерінің экспорты көлемінің ұлғаюына байланысты, бұл теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының төмендеуімен ішінара өтелді. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ЭКБ орташа мөлшерлемесі шикі мұнай тоннасына 49 АҚШ долларын құрады, ал өткен  жылдың сәйкес кезеңінде шикі мұнай тоннасы 35 АҚШ долларын құраған болатын.

Өзге салықтар негізінен 2016 жылдың сәуірінен мұнайдың дербес процессингі схемасына өтуіне байланысты 2017 жылдың алғашқы алты айында бензин мен дизель отынына акциздың қымбаттауы есебінен ұлғайды. Сондай-ақ, дизель отынына акциз мөлшерлемесі маусым-қазан кезеңі аралығында тоннасына 9 300 теңгеге дейін жоғарылады, оның бағасы жылдың қалған мерзімінде тоннасына 540 теңгені құрады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу