Бұл түзетулер Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген жаңа заң жобасына енгізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Заң жобасы "Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы" заңның 16-бабын толықтырған. Осыған сәйкес, кез келген салаға байланысты оқыту курстары немесе білім беру материалдары жарияланса, мұндай контентте міндетті түрде автордың білімі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс. Ол – диплом немесе сертификат жөніндегі мәліметтер.
Құжатта "Оқыту материалдарын орналастыру кезінде автордың білімі туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс" деп анық жазылған.
Егер аталған талап орындалмаса, жарияланған материал заңбұзушылық болып танылады. Яғни блогерлер, коучтар және кез келген оқыту курстарының авторы өзінің кәсіби біліктілігін ашық көрсетуге міндеттеледі.
Заң жобасында оккульттік қызметтер немесе онымен ұқсас басқа қызметтер туралы ақпаратты қамтитын контент таратылса, мұндай материал міндетті түрде тек көңіл көтеру мақсатында жасалғанын және ғылыми немесе практикалық растамасы жоқ екенін көрсететін ескертумен жариялануы керек. Құжатқа сәйкес "Оккульттік практикаларға қатысты материалдар орналастырылған кезде олардың сипаты туралы ескерту беріледі" делінген. Бұл осындай контент міндетті белгімен жариялануға қажет дегенді білдіреді.