Табысы ең төмен өңірлер анықталды

806

Табысы ең төмен өңірлер анықталды

2016 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 76575 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.

2016 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 76575 теңгені құрады және 2015 жылмен салыстырғанда 13,7%-ға өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың 14,6%-ға өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табыстары алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,7% төмендеді.

2016 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша жоғары мәні Атырау облысында байқалды, онда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге артты.

Табысы ең төмен өңір ретінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары белгіленді, осы өңірлердегі халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің 56-63% құрайды.

2016 жылы өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғарғы және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылығы 3,3 есені құрады (2015 жылы – 3,6 есе).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу