"Табысы төмен отбасыларға азық-түліктің орнына ақша беру керек"

917

"Компаниялар мерзімі өтуге таяу өнімдерін өткізуге тырысады".

"Табысы төмен отбасыларға азық-түліктің орнына ақша беру керек"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысы өтті. Онда табысы төмен отбасыларға тағайындалатын азық-түлік көмегін ақшалай беру ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Кепілдендірілген әлеуметтік топтамада азық-түлік құрамында макарон, ұн, май сияқты біркелкі тамақ құрамы бар. Ал оларды ұсынатын сауда компаниялары мерзімі өтуге таяу өнімдерін өткізуге тырысады. Сұрыптау, жеткізу шығындары бар. Балалар жақсырақ тамақтану үшін әлеуметтік топтаманы монетизациялауды ұсынамын. Осының арқасында отбасылар таңдағанын ала алады", – деді қоғам белсендісі Тәттігүл Жақсыбайқызы.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу