Табысын азырқанған автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартып жатыр

706

Павлодардағы №1 автопарктың жүргізушілері мен кондукторлары жұмысқа шығудан бас тартып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Табысын азырқанған автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартып жатыр

 

Үш бағыт бойынша қатынайтын 30 автобустың 25-і кеше түстен кейін рейске шықпай қалған. Жүргізушілер мен кондукторлар соңғы кездері күндік табыстарының төмендеп кеткеніне наразы. Өйткені қала ішіндегі автобуста жүретіндердің жартысынан көбі түрлі жеңілдікке ие. Оның үстіне қазір карантиндік шектеулерге байланысты сенбі, жексенбі күндері қоғамдық көліктер мүлде жүрмейді. Сондықтан, жүргізушілер мен кондукторлар автобустарды жалға алу бағасын түсіруді талап етуде.

Жергілікті билік, жүргізушілермен келісім жүргізіп жатыр. Ал бүгін автобустардың 20 пайызы жолға шықпай қалған.

Фото: Ольга Бугаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу