Таэквондодан 2021 жылғы әлем чемпионаты кейінге ауыстырылады

747

Таэквондодан 2020 жылы өтетін жарыстар түгел тоқтатылды. 

Таэквондодан 2021 жылғы әлем чемпионаты кейінге ауыстырылады

Халықаралық таэквондо федерациясы Олимпиада ойындарының 2021 жылға ауыстырылуына орай әлем чемпионатының өту мерзімін өзгертеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

2021 жылғы әлем чемпионаты мамыр айында Қытайдың Уси қаласында өтеді деп жоспарланған болатын. Әзірге турнирдің нақты уақыты анықталған жоқ. Десе де, мамандар әлемдік доданы 2021 жылдың төртінші тоқсанына қалдырып отыр. Ал коронавирус індетінің таралуына байланысты таэквондодан 2020 жылы өтетін жарыстар тегіс тоқтатылды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу