Таэквондодан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін Оңтүстік Кореяның Теджун қаласына аттанды. Біздің команда Корея университетінің студенттерімен бірге жаттығады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Құрама мүшелері жиын аяқталған бойда, Ұлыбританияның Манчестер қаласында 15-19 мамыр аралығында өтетін рейтингілік әлем чемпионатына жол тартады.
Әлемдік додаға қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі:
Ерлер:
Самат Темірхан (54 келі), Елдос Ысқақ (58 келі), Эльдар Бірімбай (63 келі), Нұрсұлтан Мамаев (68 келі), Қайрат Сарымсақов (74 келі), Нұрлан Мырзабаев (80 келі), Смайыл Дүйсебай (87 келі), Руслан Жапаров (+87 келі).
Қыздар:
Айнұр Лашбай (46 келі), Айнұр Есбергенова (49 келі), Фариза Алдоңғарова (53 келі), Ботагөз Қопанова (57 келі), Фатима Жақсыбаева (62 келі), Ақсәуле Ерқасымова (67 келі), Жансель Дениз (73 келі), Мереке Жүнісова (+73 келі).