Иорданияның Амман қаласында таэквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Құрлықтық додаға 28 мемлекеттен келген 385 спортшы қатысуда. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар.
Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды. 52 келідегі Балнұр Спабек пен 68 келідегі Нұрриза Тұрарова жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Сондай-ақ, төрт спортшымыз алғашқы бестікке енді. Бүгін тағы 10 таэквондошы жарысты бастайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу