Таэквондодан Азия чемпионатында қоржынға төртінші "қола" түсті

583

Аммандағы Азия чемпионатына құрлықтың 28 мемлекетінен 385 спортшы қатысуда. 

Таэквондодан Азия чемпионатында қоржынға төртінші "қола" түсті

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан таэквондодан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар тағы екі қола жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

48 келідегі Нұрбек Ғазиз бен 73 келідегі Әбдурахман Марипов жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді.

Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан спортшылары екі қола медаль еншілеген болатын. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу