Таэквондодан Германияда өткен турнирде Қазақстан жастары 25 жүлде алды

1018

German Open G1 додасында сынға түскен спортшыларымыздың бесеуі – алтын, алты спортшымыз – күміс, 14 таэквондошы қола медальді еншілеген. 

Таэквондодан Германияда өткен турнирде Қазақстан жастары 25 жүлде алды

Германияның Гамбург қаласында аяқталған таэквондодан рейтингілік турнирде Қазақстан жастар командасы жалпы есебі 25 жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

"German Open G1" додасында сынға түскен спортшыларымыздың бесеуі алтын медаль иеленсе, алты спортшымыз – күміс, 14 таэквондошы қола медальді еншілеген. 

Алтын жүлдегерлер қатарында Шамирхан Абабакирв (45 келі), Әзірет Дүйсенбек (48 келі), Елжан Елшібай (51 келі), Мирас Шаяхметов (59 келі) және Зиода Ирисметовалар (44 келі) бар. 

Гамбургтегі сында Қазақстан ересектер құрамасының спортшылары алты медальға иелік етті. Оның ішінде Лес Әбдусамат чемпион атанған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу