Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан командалық әлем кубогі аяқталды. Қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Алдымен ерлер командасы үшінші орыннан көрінді. Елдос Ысқақ, Ерасыл Қайырбек, Нұрлан Мырзабаев, Руслан Жапаров және Рахым Әділхановтар жартылай финалда Иранға жол берді.
Ал аралас командалық сында Қазыбек Бақтиярұлы, Смайыл Дүйсебай, Фариха Алдоңғарова және Жансель Дениз тағы да қолаға иелік еттік.
Осылайша, Қазақстан командасы қоржынында екі қола медаль бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу