Амманда (Иордания) таеквондодан құрлықтық лицензиялық турнир Иорданияның Амман қаласында өтетін болды, деп хабарлайды Olympic.kz халықаралық таеквондо федерациясына сілтеме жасап.
10-12 сәуір күндері Усиде өтуге тиіс жарыс Қытай таеквондо одағының 13 ақпандағы шешімімен кейінге шегерілген болатын. Жарыс уақытының өзгеруіне Қытайда тараған коронавирус эпидемиясы себеп болып отыр. Электронды дауыс беру нәтижесі бойынша Амман құрлықтық іріктеу турнирін қабылдайтын қала болып қабылданды. Жарыс 10-12 сәуір күндері өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу