Коронавирус індетінің әлемде таралуына байланысты маңызды турнирдің өткізілетін уақыты өзгертілетін болды, деп хабарлайды Olympic.kz халықаралық таэквондо федерациясына сілтеме жасап.
"Құрметті әріптестер, алдын хабарлағанымыздай, Иордания таэквондо федерациясы 10 - 12 сәуір күндері Амманда өтетін құрлықтық іріктеу турнирінің уақытын шегерген болатын. Халықаралық таеквондо федерациясы, Азия таэквондо федерациясы мен Иордания таеквондо федераия ақылдаса келе жарыс уақытының өзгеретіні туралы шешім қабылдадық. Нәтижесінде, Олимпиада ойындарына Азия аймағының іріктеу турнирі 5 – 7 маусымға ауыстырылады. Жарыс өтетін жер алдағы уақытта хабарланады", – делінген ресми хатта.