Ташкентте таеквондодан "Ташкент OPEN-2017" халықаралық турнирі өтті. Астана қаласынан турнирге 12 спортшы барды, олардың ішінде "Жігер" спорттық клубының спортшысы Қаирғалиев Әли жеңіспен оралды.
Каиргалиев Али 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қатысып, халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды.
Жарысқа әлемнің Қазақстан, Корея, Ресей, Иран, Тәжікстан, Пуэрто-Рико (АҚШ), Қырғызстан, Өзбекстан, Австрия және Перу сияқты 10 елінен 600-ден астам спортшылар қатысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу