Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының атқарушы комитеті коронавирус пандемиясына байланысты жастар арасындағы әлем чемпионатының өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының атқарушы комитетінің видеоконференциясы өтті. Видеоконференцияда атқарушы комитет мүшелері спортшылардың денсаулығын, қауіпсіздігін бірінші орынға қоя отырып, чемпионатты өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Биылғы әлем чемпионаты Болгарияның София қаласында 14-18 қазан күндеріне жоспарланған еді. Десе де, София 2022 жылғы әлем біріншілігін қабылдайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу