Джакарта мен Палембанг қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті. Таеквондошы Фариза Алдоңғарова Азиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Фариза жартылай финалда тайпейлік спортшы Су Поядан 6:11 есебімен жеңіліп, үздік үштікке енді.
Осылайша, қазақстандық таеквондошы Азия ойындарының қола жүлдегері атанып отыр. Бұл биылғы Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының қоржынына түскен 5-ші жүлде!
Ширек финалдық сында жерлесіміз Иран өкілі Шейда Элахені 11:3 есебімен жеңген болатын.
Өкінішке қарай, Елдос Ысқақ (58 келі) ширек финалда кореялық спортшыға 9:11 есебімен жол берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу