Тағамдық биоқоспалар мемлекеттік тіркеусіз таратылып жүр

458

Биологиялық қоспа дәрі санатына жатқызылмайтындықтан, оны бақылау мемлекеттік тіркеу арқылы жүзеге асырылады.  

Тағамдық биоқоспалар мемлекеттік тіркеусіз таратылып жүр Фото: Biopharma

Биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) айналымын бақылау Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің құзыретінде, деп жазады Inbusiness.kz.

Азық-түлік өнімі ретінде ББҚ Еуразиялық экономикалық одақтың "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 021/2011) және "Тамақ өнімдерін таңбалауға қатысты" (ЕАЭО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінде белгіленген қауіпсіздіктің гигиеналық талаптарына сәйкес келуі тиіс.   

"Ішкі нарықта тұтынушыға сату үшін ұсынылған барлық ББҚ-лар қауіпсіз болуы тиіс, оның дәлелі — мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

Осыған байланысты, барлық ББҚ-ларды әкелу және өткізу Еуразиялық экономикалық одақтың Мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген МТК болған кезде жүзеге асырылуы тиіс.

2023 жылдың І жартыжылдығында Астана қаласындағы интернет-дүкендерде ББҚ-ны МТК-сіз өткізген 126 жарнама таратушыны анықтады, нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 96 ұсынымхат берілді", — делінген ведомство хабарламасында.

Бүгінгі таңда ББҚ-ны МТК-сіз өткізген жарнама таратушылардың 70%-ы сайттардан жарнамаларын алып тастады.

Қазіргі уақытта жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша интернет-ресурстарда ББҚ-ны сату бойынша жарнамалар саны азайды.           

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу