Тағамға араластырған: ШҚО тұрғынынан 4 келі марихуана тәркіленді

98

 Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тағамға араластырған: ШҚО тұрғынынан 4 келі марихуана тәркіленді Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында 31 жастағы жергілікті тұрғыннан ірі көлемде есірткі заттары тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктінің бірнеше ай бойы қарасора жинаумен айналысқаны анықталған. Ол өсімдікті ауданның шеткері аумақтарынан жинап, кейін өз үйінде сақтаған. Ер адамның айтуынша, есірткіні жеке пайдалану мақсатында ұстаған.

Сонымен қатар, ол қарасораны өңдеп, тағамға қоспа ретінде қолданғаны белгілі болды.

Тінту кезінде тұрғын үй мен шаруашылық нысандарынан өсімдік тектес кептірілген зат салынған төрт полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысы бойынша, олардың жалпы салмағы 4 келіден астам марихуана екені расталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу