Тағы 34 жолаушылар пойызы іске қосылады

777

Құлсары, Мақат сияқты станцияларда карантиндік режимге байланысты теміржол қатынасы іске қосылмайды.  

Тағы 34 жолаушылар пойызы іске қосылады

Бұл турады "Қазақстан темір жолының" баспасөз қызметі хабарлады. 

"Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша 2020 жылдың 10 маусымынан бастап Қазақстан бойынша көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарын ескере отырып, тағы 34 жолаушылар пойызы іске қосылады", - деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ, жазғы кезеңде Алакөлге келесі жолаушылар пойыздары қатынайды: 

1) 2020 жылдың 11 маусымынан бастап № 459-6941/6942-460 "Өскемен-Достық" және № 457-6941 / 6942-458 "Семей-Достық" күн сайын қатынайды;

2) 2020 жылдың 14 маусымынан бастап № 255/256 "Алматы 2 – Достық" аптасына үш рет қатынайды;

3) 2020 жылдың 18 маусымынан бастап № 258/257 "Нұр-Сұлтан 1 – Достық" аптасына екі рет қатынайды.

Осылайша Қазақстан ішінде 119 жолаушылар пойыздары жүре бастады. 

Мемлекеттік шекаралар ашылғаннан және басқа мемлекеттердің темір жол әкімшіліктерімен келісілгеннен кейін қалған бағыттар кезең-кезеңімен ашылады.

Сонымен қатар Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 9 маусымдағы қаулысымен теміржол вокзалдарының ғимараттарына шығарып салушы азаматтарды жібермеу жөніндегі талап жойылды. Сондай-ақ, жолаушылардың алдын ала тапсырысы бойынша жеткізу тәсілімен жолаушылар пойыздарында (қала маңына қатынайтын электрпойыздарында) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат етілді.

"Осыған байланысты Көліктегі бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын ескере отырып, вагон-мейрамханалардың қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға санитарлық-карантиндік талаптарды, әлеуметтік қашықтықты (1 метрден кем емес), вокзал аумағында және пойыз ішінде маскалық режимді қатаң сақтауды сұрайды", - деп жазылған хабарламада. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу