Елімізде тағы 5 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп министрліктің фейсбук парақшасында хабарлады.
Алматы қаласында жаңадан 4 жағдай тіркелсе, Нұр-Сұлтан қаласында 1 адамның аталған ауруға шалдыққаны анықталды.
Айта кетсе, осымен коронавирус індетін жұқтырғандар саны 32-ге жетіп отыр. Алматыда –15, Нұр-Сұлтанда – 17.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу