Тағы 7 жол учаскесі ақылы жүйеге қосылды

926

2025 жылға дейін ақылы жолдар жүйесін республикалық желідегі автомобиль жолдарының 11 мың шақырымына енгізу көзделген. 

Тағы 7 жол учаскесі ақылы жүйеге қосылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Биылғы жылдың 1 қазаны мен 15 қарашасы аралығында қозғалысы 4 жолақты бірінші санаттағы республикалық маңыздағы автожолдардың 7 учаскесінде жол жүру үшін ақы алу жүйесін сынақтан өткіздік. Атап айтқанда, "Нұр-Сұлтан-Павлодар", "Қапшағай-Талдықорған", "Тараз-Қайнар", "Шымкент-Тараз", "Шымкент-Қызылорда", "Шымкент-Ташкент", "Щучинск-Көкшетау" учаскелері. Бұл жол учаскелері бойынша ақы алу жүйесін енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында 15 қараша күні мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтті. Ал 23 қарашадан бастап заңды күшіне енді", – деді Төлеген Абдуллин.

Осылайша, аталған жол уачкелерімен жүрген көлік иелерінен ақы алына бастады. 

Сонымен қатар спикер бірінші категориялы жаңа ақылы учаскелерде жүру үшін төлем тарифтерін 2013 жылғы деңгейде қалдыру туралы шешім қабылданғанын атап өтті. 2025 жылға дейін ақылы жолдар жүйесін республикалық желідегі автомобиль жолдарының 11 мың шақырымына енгізу көзделген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу