Қазақстанда өткен тәулікте 770 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды шұғыл штаб.
Оның ішінде 141 жағдай ШҚО-да тіркелген. Одан кейінгі орындарда Солтүстік Қазақстан – 107, Павлодар облысы – 106, Ақмола облысы – 90, Қостанай облысы тұр, өңірде 84 адамнан індет анықталды.
Нұр-Сұлтан қаласында – 66, Алматы қаласында – 42, Шымкент қаласында – 9, Алматы облысында – 29, Атырау облысында – 25, Жамбыл облысында – 15, Батыс Қазақстан облысында – 29, Қарағанды облысында – 20, Қызылорда облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Түркістан облысында 5 жағдай тіркелді.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 133118.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу