"Тағы бала таяқ жеді": Қызылорда балабақшасында тәрбиеші баланы ұрған

469

41 жастағы тәрбиешіге қатысты ІІО-ға келу туралы міндеттеме қабылданды.

"Тағы бала таяқ жеді": Қызылорда балабақшасында тәрбиеші баланы ұрған Фото: mosposelok.ru

Қызылорда қаласы Полиция басқармасына жеке балабақшалардың бірінде ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шара қолдану туралы кәмелетке толмағанның заңды өкілінен арыз түскен, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыз негізінде қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК140-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тәркіленген бейнежазбалар қылмыстық іске тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сот – медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың "денсаулығына жеңіл зиян" келтірілген. Ал сот-габитологиялық сараптамасының қорытындысы күтілуде.

41 жастағы тәрбиешіге қатысты ІІО-ға келу туралы міндеттеме қабылданды.

Сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу