Тағы бір адвокат Бишімбаевтың анасынан шағым келіп түскенін айтты

291

Естеріңізге салсақ, бұған дейін адвокат Джохар Өтебековтың атына шағым түскенін жазған едік.

Тағы бір адвокат Бишімбаевтың анасынан шағым келіп түскенін айтты Фото: әлеуметтік желіден

Альмира Нұрлыбекова адвокаттың үстінен шағымды республикалық адвокаттар алқасына түсірген. Бұл туралы адвокат Анна Чернова әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Менің үстімнен шағым келіп түсті. Ол арызда менің тағы екі заңгер әріптесім бар. Бұл жолы менің жазғаным Бишімбаевтың қорғау тарапына ауыр тисе керек. Анасы жазғанымен, артында маған ренжіген басқа біреу тұрған сияқты. Мүмкін, өзінің процессуалдық әлсіздігін сезінетін адам.

Олардың атына құрметсіз, қорлау, жеккөру мен қарғыстың бәрі менен емес. Бүкіл ел алдымен Ерғалиевамен масқара сұхбатын көрді, енді оны істің нақты жағдайларымен салыстырады. Біз оларды сол жерде тілінен тартқан жоқпыз, солай ма? Процестің бәрін тікелей эфирден көріп отырмыз",  – деп жазды  Анна Чернова әлеуметтік желіде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу