Астанада тағы бір әйел босану кезінде қайтыс болды. Бұл бір айдың ішінде тіркеліп отырған осымен төртінші жағдай. Соңғысы кеше таңғы 9,25-те №2 перинаталдық орталықта орын алды. Бұл жайлы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтемемен Atameken TV хабарлайды.
Берілген ақпаратқа сәйкес, әйел адамның өмірін сақтау үшін Ана мен бала орталығының мамандары, Ұлттық кардиологиялық орталық және Астана медициналық университетінің мамандары жұмылдырылған. Өкінішке қарай, реанимациялық шаралардың ешбірі көмектеспеген. Ал нәрестенің жағдайы қалыпты.
Атталған жағдай бойынша комиссия құрылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу