Әлемге танымал тағы бір әнші елімізде жеке концертін өткізбек

Шоу 2026 жылдың бас жағына жоспарланған.  

Әлемге танымал тағы бір әнші елімізде жеке концертін өткізбек Фото: dw.com

Әлемдік жұлдыз Тилль Линдеманның концерті Meine Welt ("Менің әлемім") туры аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Rammstein тобының солисінің жеке шоуы Алматы қаласында, 2026 жылдың 7 қаңтарында өтеді. Билеттер осы аптадан бастап сатылымға шығарылады.

Концерт Almaty Arena сахнасында ұйымдастырылмақ.

Сатылым жүйесі былай жүзеге асады:

  • Бейсенбі күні сағат 12:00-де – Freedom Bank картасы иелері мен Freedom SuperApp қолданушылары үшін алдын ала сатылымы;
  • Жұма күні 12:00-де – барлық платформада ашық сатылымы.
  • Сонымен қатар, билеттерді тикетон және өзге де ірі онлайн-сервистер арқылы алуға мүмкіндік бар.

Еске салайық, Тилль Линдеман – немістің вокалисті, ақыны және лиригі. Сондай-ақ, ол – Rammstein, Lindemann және Na Chui металл топтарының фронтмені. Ақын Apocalyptica, Phantom Vision, Puhdys, Knorkator және Emigrate топтарының, сондай-ақ Ковач, Заз секілді танымал әншілердің әнін жазған.

Бұған дейін біз Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер қанша теңгеден сатылып жатқанын жазған едік

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу