Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері алматылық алып тиіннің көшірмесін жасап шығарды. Мүсін Алматы облысы Қаскелең қаласындағы агросаябаққа қойылған, деп хабарлайды sputniknews.kz..
Қаскелең Алматы қаласының шекарасынан 10 шақырым жерде орналасқан. Мүсінді сәрсенбі 18 шілдеде өтетін Егістік күніне орай жасапты.
"ҚазҰАУ" студенттерінің бастамасына Қазақ егіншілік институты қолдау білдірді. Материал жетіспеушілігі болған жоқ – тәжірибе егістіктерінде тазалық жұмыстары жүріп жатыр", — деп мәлімет берді ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.
Қаскелеңдік тиінді жасауға бірде-бір теңге жұмсалмады.
Түпнұсқа тиіннің құны – 23 миллион теңге, 15 миллионы қалалық бюджеттен төленген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу