Алматының №5571 әскери бөлімінде әскери қызметші қарудан жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған жағдайға байланысты ҚР Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі түсініктеме берді.
- Қаруды тапсыру кезінде Макаров тапаншасынан әскери қызметші сұқ саусағына жеңіл жарақаты алды. Медициналық көмек сол жерде көрсетілді. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр және қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығынан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу