Оқиға 18 мамыр күні, түнгі уақытта Тараз қаласындағы “Ұлы дала” шағын ауданында орын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Видеодан ер адамның әйелді шашынан тартып, сүйрелеп, аяусыз ұрып, аяқпен теуіп жатқанын көруге болады.
Ал оқиға куәгері әйелді ұрып жатқан ер адамға ескерту жасаған. Алайда ол оның сөзіне құлақ аспай, артынша көлігіне мініп қашып кеткен.
Полиция аталған оқиғаға байланысты пікір білдірді.
“Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.