Тағы бір даулы үй пайдалануға берілді

666

Тағы бір даулы үй пайдалануға берілді

Астана әкімдігінде кезекті апта сайын өтетін аппарат жиыны өтіп, онда үлескерлік құрылыс, дезинсекция, құқық қорғау және көше тазалығы мәселелері қаралды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі бойынша баяндаманы бірінші болып Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун жасады. 

"Есіл-1" ТК даулы нысаны пайдалануға берілді және 162 отбасы пәтермен қамтамасыз етілді, бұл 500-ден астам тұрғынның белгіленген тәртіппен құжаттарын рәсімдей алады деген сөз", – деп хабарлады  Сергей Хорошун. 

Оның айтуынша, ВАК-тың соңғы апталардағы отырысында 13 объекті қаралған.

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС өкілетті компаниясымен 4 шілде күні  "Проектная компания "Карой строй маркет" ЖШС мен "ТК-Жағалау" ТҚК бірлесіп, "Жағалау 4" (полигон 4) даулы нысанының құрылысын бірлесіп аяқтау туралы келісімшартқа қол қойылғанын хабарлады. 

Қаладағы нысандардың ағымдағы ахуалы туралы және нарықтағы жанар-жағармай материалдары туралы қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов баяндады. 

Ал дәрі-дәрмектер мен оның қоры туралы қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев айтып шықты. 

МЖӘ жобасын іске асыру туралы, смарт-сити, "Сергек" бейнебақылау камерасын қосу жұмыстарын, азық-түліктердің бағасын қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова жеткізді. 

Қылмыстық ахуал мен астанадағы құқық қорғауды қамтамасыз етудегі қабылданған шаралар жөнінде қаланың ІІД басшысы Марат Қожаев есеп берді. 

"Мереке күндері қаладағы оперативтік жағдай тұрақты, тыныш өтті. Мерекелік іс-шаралар барысында ауыр қылмыс пен қоғамдық тәртіп бұзу болған жоқ", – деді Марат Қожаев. 

Оның айтуынша, елордадағы оперативтік жағдай бойынша қылмыс төмендеген. Ізі суымастан 72 қылмыс ашылды, бұрын жасалған – 63, өткен жылғы – 6 қылмыс ашылды. Бейнебақылау камерасының көмегімен 27 қылмыс пен 1300 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 

Қаладағы қоғамдық транспорттың жұмысы мен қоғамдық көліктердің қатысуымен болған жол-транспорт оқиғалары туралы "Астана LRT" басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов айтты. 

Қаланы абаттандыру мәселесі бойынша және қаладағы дератизация мен дезинсекция шараларының барысы туралы Алматы, Есіл, Сарыарқа және Байқоңыр аудандары басшыларының баяндамалары тыңдалды. 

Сонымен қатар, Астана әкімі мектеп құрылысын, жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарын, саябақтар мен жасыл желектерді күтіп-ұстау және де масаға қарсы дезинсекциялық шараларды өз уақытында жүргізуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу