Олар әртүрлі абоненттік нөмірлермен тіркеліп, WhatsApp арқылы 5 "жоба" бастаған, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қылмыстық схема бойынша ұйымдастырушы 3 мыңнан 10 мың теңге көлеміндегі заңсыз инвестицияны тартқан, жобаға қатысушыларға 10 тәулікке дейін аралықта салған қаражатынан 300% және 500% төлеуді уәде еткен. Тергеу анықтаған белгілер қаржы пирамидасының негізгі белгілеріне жатады", – деп жазылған агенттік хабарламасында.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу