Тағы бір қаржы пирамидасы бойынша іс тергеліп жатыр

626

ҚМА азаматтарды "Eden Life" жарнамасына алданып қалмауды ескертеді.

Тағы бір қаржы пирамидасы бойынша іс тергеліп жатыр

ҚМА елордалық департаменті "Eden Life" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу органы қаланың сенгіш тұрғындарымен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтады. Бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсетеді. Департаментте аса ірі көлемде ақша немесе өзге де мүлікке қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде", – деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды. 

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және "Youtube" хостингіндегі "Eden Life" жарнамасына алданып, жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу