Тағы бір қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды

1528

Жас шахматшылар Мумбайдан бір "алтын", бір  "күміс" олжалады.

Тағы бір қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды

2-13 қазанда Үндістанның Мумбай қаласында шахматтан 14,16,18 жасқа дейінгі жігіттер мен қыздар арасында Әлем чемпионаты өткен болатын. Әлемнің 65 мемлекетінен келген 500-ге жуық үміткер швейцарлық жүйе бойынша бақ сынасқан. Қазақстан құрамасының сапында сайысқан 9 шахматшының екеуі жүлдеге ілінді. 

Алтын медальді  14 жасқа дейінгі қыздар арасында бақ сынаған астаналық Меруерт Камалиденова иеленсе, "күмісті"  қызылордалық Назерке Нұрғали жеңіп алған. Осылайша жалпы командалық есепте Қазақстан үшінші орыннан көрінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу